Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні

4 наурыз күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін облыстың мемлекеттік органдарының басшылары Генерал Дюсенов көшесі, 80 мекенжайында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін» өткізеді.

Іс-шара облыс әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылып, өткізілуде.
Әкімдік басқармаларымен бірлесіп азаматтарға консультацияларды Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар, жеке сот орындаушылары және сот сарапшылары жүргізеді.

Сондай-ақ қабылдауға полиция, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өкілдері, сондай-ақ «Павлодар-Водоканал» ЖШС және «Павлодар жылу желілері» ЖШС қатысады.

Қала және облыс тұрғындары мен қонақтарын қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға шақырамыз.