Атқарушылық іс жүргізу

Атқарушылық іс жүргізу

Павлодар облысы Полиция департаментінің миграция қызметі басқармасы мен Павлодар қаласының мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде сот актісінің талаптарын орындамағаны үшін сегіз жыл бойы іздеуде жүрген борышкердің орналасқан жері анықталды.
Борышкерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Бұл әрекет сот шешімін орындамағаны үшін жауапқа тартуда қажетті қадам болды.