Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

Ағымдағы жылғы 11 ақпанда Павлодар қаласының прокуратурасында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға, Павлодар қаласы прокуратурасының қызметкерлері, Павлодар облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Аслана Байзақова, Полиция департаментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, сондай-ақ Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының сот орындаушылары қатысты.
Жұмыс кездесуі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын сотталғандарды қайта әлеуметтендіру шеңберіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге арналды.
Кездесу барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу, оларды жұмыспен қамту, құқықтық және өзге де қажетті көмек көрсету бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Қатысушылар қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және аталған тұлғалардың қоғамға табысты кірігуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдарын үйлестіруге ерекше назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және осы бағыттағы жұмысты күшейту жөніндегі алдағы шаралар айқындалды.