
НАО «Торайғыров университеті» жанындағы Заң клиникасында Павлодар облысы Әділет департаментінің бас маманы Б.Ж. Муракаев және Павлодар облысы Сот сараптамалары институтының бас сарапшысы А.К. Сапарбаева қатысқан жұмыс кездесуі өтті.
Заң клиникасы экономика және құқық факультеті Құқықтану кафедрасының құрамында қызмет атқарып, халыққа құқықтық көмек көрсетеді, сонымен қатар болашақ заңгерлердің практикалық даярлығына мүмкіндік жасайды.
📍 Павлодар қ., Ломова к-сі, 64
Кәсіби үлесі, тәжірибе алмасуы және жемісті ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз!