Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

 

Бүгін Павлодар облысы Әділет Департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің қызметшілері Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының қызметкелері үшін семинар өткізді.
Семинар барысында Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан, өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде жанжақты түсіндірмелер берілді. Құжаттарды қабылдау және рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ апостиль қою кезінде құжаттарға қойылатын талаптар түсіндірілді.
Мұндай кездесулер халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.