
Бүгін, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Павлодар облысы Әділет департаментінің мамандары «Ардагерлер үйіне» барды.
Іс-шара барысында Павлодар қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушылары тұрғындармен кездесу өткізіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мемлекеттік сот орындаушыларының негізгі қызмет бағыттары, мақсат-міндеттері түсіндіріліп, азаматтарға құқықтық кеңестер берілді.