
Павлодар қалалық филиалында «TURGÝNDAR AMANATY» партиялық жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесуге Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Кадиша Беготаева, қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Сүлеймен Сыздыков, қалалық мәслихат депутаты Нур-Сауле Байбулатова, «Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Арслан Айдарханов және оның орынбасары Бақытгүл Базылова, Павлодар облысы Әділет департаментінің бас маманы Бибігүл Маденова, Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Тлекжан Галямов, «Павлодар-Водоканал» ЖШС басшысының орынбасары Валерий Филяев, «Павлодар жылу желілері» ЖШС пайдалану жөніндегі бас инженерінің орынбасары Жанат Семёнов, сондай-ақ «Шаңырақ» ЗТК өкілдері қатысты.
Отырыс барысында көппәтерлі тұрғын үйлердегі МИБ (ОСИ) және ПИК (КСК) төрағалары мен белсенді мүшелерінің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу қатысушылары Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасын талқылауға ерекше назар аударып, оның елдің одан әрі дамуы мен азаматтардың құқықтарын нығайтудағы маңызын атап өтті.
Қатысушылар «TURGÝNDAR AMANATY» пилоттық жобасы тұрғын үйлерді басқару органдарының жұмысын күшейтуге бағытталғанын және тұрғын үй қатынастары саласында қордаланған мәселелерді шешудің тиімді тетігіне айналатынын атап өтті.