Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

Павлодар облысының Әділет департаменті «Ертіс адалдық алаңы» жобасы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «WhatsApp» мессенджері арқылы бейне қоңырау форматында Павлодар облысы Әділет департаменті бірінші басшысының және басшының орынбасарлары азаматтарды онлайн-қабылдауын жүзеге асырады.

2020 жылдың 3 қарашасында Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айбек Адильбекович Аубанов мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қызметі сұрақтары жөніндегі азаматтарды онлайн-қабылдауды жүзеге асыратын болады.

2020 жылдыңы 4 қарашасында Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Абдукаримович Айнабеков зияткерлік меншікті қорғау, нотариат және адвокатура сұрақтары жөніндегі азаматтарды онлайн-қабылдауды жүзеге асыратын болады.

2020 жылдың 5 қарашасында ресми құжаттарды апостильдеу, азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды (коммерциялық ұйымдарды қоспағанда) мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктердің және әкімдердің, ревизиялық комиссиясының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айгуль Кумаровна Туктыбаева азаматтарды онлайн-қабылдауды жүзеге асыратын болады.  

2020 жылдың 10 қарашасында Сіз Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы Маржан Имятовна Имятоваға сұрақтар қойып, оларға жауап алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.

Сұрақтарды Павлодар облысы Әділет департаментінің 8 (708) 466-63-82 WhatsApp  нөміріне жолдай аласыз.