«Мұраны қабылдаудың нақты дәлелдері болған жағдайда нотариустардың мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тарту тәжірибесін болдырмау» тақырыбында семинар өтті

«Мұраны қабылдаудың нақты дәлелдері болған жағдайда нотариустардың мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тарту тәжірибесін болдырмау» тақырыбында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында Павлодар облыстық сотының алаңында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Марат Дайкеновтың төрағалығымен, Әділет департаменті бөлімінің басшысы Асқар Серғазиновтың, азаматтық істер жөніндегі судьялардың және Павлодар қаласының нотариустарының қатысуымен
«Мұраны қабылдаудың нақты дәлелдері болған жағдайда нотариустардың мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тарту тәжірибесін болдырмау» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында мұраны нақты қабылдау және оны қабылдау мерзімдерін қалпына келтіру мәселелері бойынша проблемалық сұрақтар талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды.