
2025 жылғы 17 желтоқсанда, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Павлодар облысы Әділет департаменті бөлімінің басшысы Асқар Сергазинов, жеке нотариус Ирина Клименко, жеке сот орындаушысы Елена Калиниченко қатысты.
Кездесу барысында студенттерге әділет органдарының функциялары мен қызмет бағыттары, нотариустың және жеке сот орындаушысының жұмыс салалары туралы жан-жақты түсіндіріліп, барлық қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.