
Бүгін облыстық Әділет департаментінің басшысы «Азаматтарды қабылдау орталығында» азамат М.С.-ты қабылдап, 2019 жылы мемлекеттік сот орындаушылары тарапынан бұрын салынған барлық шектеу шараларын алып тастау мәселесі бойынша жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында аталған шектеу шараларын алып тастау туралы өтініш қанағаттандырылды.
Қабылдау қорытындысы бойынша департамент басшысы азаматтардың өтініштері мен мәселелерін заңнама талаптарына және өз өкілеттіктері шеңберінде шешуге Әділет департаменті әрқашан дайын екенін түсіндірді.