«Сот орындаушыларының қаулыларына санкция беру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Сот орындаушыларының қаулыларына санкция беру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 12 желтоқсанда Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында «Сот орындаушыларының қаулыларына санкция беру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Павлодар облысы Әділет департаментінің өкілдері, азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Асанова, судьялар, Павлодар облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары, сондай-ақ жеке сот орындаушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сот орындаушыларының қаулыларына санкция беру мәселелері талқыланып, пікір алмасты. Іс-шараға қатысушылар соттар мен сот орындаушылары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында осындай диалог алаңдарын өткізудің маңыздылығын атап өтті.