
Бүгін, 2025 жылғы 10 желтоқсан күні 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында Әділет департаменті қызметкерлеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинардың тақырыбы – «Мемлекеттік қызметшілер үшін клиентке бағдарланған сервис дағдыларын жетілдіру».
Оқыту семинарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы Әсет Қабдыуахитов жүргізді.