
2025 жылғы 9 желтоқсанда “Адал азамат” жобасы аясында ҚазТұтынуОдағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінде студенттермен кездесуі өтті. Іс-шараға Павлодар облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде жастар арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет атқарудың ерекшеліктерін түсіндіру және насихаттау.
Іс-шара барысында студенттер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен түсініктемелер алды.