
2025 жылғы 8 желтоқсанда Павлодар қаласының №19 орта мектебінде "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы аясында оқушылар мен олардың ата-аналарының қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға "Үміт үзбеу" қоғамдық қорының директоры Гаухар Омарова, Павлодар облысы Әділет департаментінің бас маманы Бағдат Отыншин, Павлодар облысы полиция департаментінің аға инспекторы Гүлнар Бексұлтанова, сондай-ақ психолог Елизавета Коновалова қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қорқытудың алдын алу, сондай-ақ қатысушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру болды