
Павлодар облысының әкімі мен Шарбақты ауданы тұрғындарының есептік кездесуі аясында Павлодар облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Аслана Байзақова Шарбақты ауылында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша сұрақтарымен жүгініп, қажетті түсіндірмелер алды.