Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

«Павлодар облысының Әділет департаменті» РММ, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 18, анықтама үшін телефон: 8 (7182) 65-33-11, тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарлайды.

Аттестаттау 29.05.2020ж. №69 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өткен азамат.

Үміткердің ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Азаматтық процессуалдық кодексін, ҚР Қылмыстық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын білуі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

  • көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйектері анықталғанда;
  • «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы 2020 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 140 – бабының 2 тармағында белгіленген шектеулер анықталғанда.

Құжаттар: «электрондық үкімет» www.egov.kzвеб порталы (бұдан әрі – портал) арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

Өтініштерді қабылдау және мемлкеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қызмет алушы мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын құжаттарды пайдалануға келісім береді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.

      Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

       Аттестаттау өткізу орны: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 18.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттау жөніндегі сұрақтар бойынша атқарушылық өндірістері қамтамасыз ету бөлімінің телефон  8 (7182) 65-33-11 нөмеріне хабарласып біле аласыз.

 

Павлодар облысы

Әділет департаментінің

атқарушылық өндірісті

қамтамасыз етубөлімі