Павлодар облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Павлодар облысының экономикалық тергеу департаменті, Павлодар облысының Мемлекеттік кірістер Департаменті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері, қылмыстық құқық бұзушылық құрамын белгілеу үшін бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланудың анықталған фактілерінің материалдарын жіберу, қатар импорттау мәселесі, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде бірлескен құқықтық түсіндіру жұмыстары қаралды. Қатысушылар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл механизмдерін талқылады.