«Халық заңгері»

«Халық заңгері»

2025 жылғы 31 қазанда Павлодар қаласының Достық үйінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті. Іс-шара дәстүрлі түрде жұртшылық арасында «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету шеңберінде ұйымдастырылады. Республикалық акцияның ұйымдастырушылары Бас прокуратура және ҚР Әділет министрлігі болып табылады. Бұл күні өзекті мәселелер тыңдалды, қала мен облыстың мемлекеттік, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының басшылығы азаматтардың өтініштерін қабылдады. Прокурорлар, полиция қызметкерлері, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар, жеке сот орындаушылары барлық сұрақтарға кеңестер мен жауаптар берді.
Азаматтар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, алимент өндіріп алу, мұраны ресімдеу мәселелері бойынша өтініш білдірді. Айта кетейік, бұл акция 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Негізгі мақсат-азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету.