
2025 жылғы 23 қазанда қоғамда Заң және тәртіп қағидаттарын ілгерілету шеңберінде Әділет департаментінің Ақтоғай Ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімінің басшысы Людмила Жакенова және нотариус Гүлмира Бейсенбаеваның қатысуымен Ертіс ауданы Панфилов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында азаматтар барлық сұрақтарға жауап алды. Тұрғындарға алимент өндіріп алу, «Тараптар кабинетінің» жұмысы, алаяқтықтың алдын алу және әділет органдары қызметінің басқа да бағыттары бойынша ақпарат ұсынылды. Айта кету керек, Әділет департаменті халықты құқықтық ақпараттандыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.