ONLINE-семинар

ONLINE-семинар

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін Қ.Тоқаевтың адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық стандарттарды қамтамасыз ету, сондай-ақ адам саудасы туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің жыл сайынғы баяндамасында елдің ұстанымын арттыру бойынша практикалық шаралар қабылдау туралы Павлодар облысы Әділет департаменті 2020 жылғы 14 қазанда Павлодар облыстық соты, Павлодар облысы Прокуратурасы және Павлодар облысы полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары үшін семинар өткізуді ұйымдастырды.

Семинар қорытындысы бойынша адам саудасы саласындағы қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең ауқымды құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу қажеттілігі туралы ұсынымдар әзірленді.