Мемлекеттік қызмет бойынша онлайн кеңес беру

Мемлекеттік қызмет бойынша онлайн кеңес беру

Бүгін Павлодар облысы Әділет департаментінің маманы Италия Республикасының аумағында жүрген Қазақстан республикасының азаматына нотариалды куәландырылған құжат көшірмесіне апостиль қою бойынша мемлекеттік қызметке өтінім беру мәселесінде кеңестік және тәжірибелік көмек көрсетті.
Азаматтардың ел аумағынан тыс жерлерде мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыру мақсатында Әдіәлет департаментінің мамандары өтініш берушіге қашықтан сүйемелдеу көрсетіп электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру тәртібі мен құжаттарға қойылатын талаптар жөнінде қажетті түсіндірмелер берді.
Көрсетілген қолдаудың нәтижесінде өтініш беруші өтінімді сәтті жолдап, мемлекеттік қызметті белгіленген мерзімде алды.