Ашық есік күні

Ашық есік күні

2025 жылдың 15-қыркүйегі күін Павлодар облысы Әділет департаментінің Екібастұз қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінде «Ашық есік күні» акциясы өтті. Оған Екібастұз қаласының пробация қызметі бөлімінің бастығы Лаура Суханова, нотариус Назгүл Әбелдинова, адвокат Еркебұлан Мұсабеков, жеке сот орындаушы Сеірк Қасенов қатысты.
Қабылдау барысында азаматтар азаматтық іс, алаяқтық фактісі бойынша, қылмыстық істер бойынша сотқа талап қою, алимент өндіріп алу және басқа да мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойды.