Бүгін Павлодар облысы Әділет департаментінің «Тереңкөл ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімі» РММ филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Жанар Әбілдинова, нотариус Гүлмира Арынова «Ашық есік күні»акциясын өткізді.
Өткізілген іс-шара барысында мүлікке тыйым салуды және тыйым салуды алып тастау, мұраны қабылдау, сыйға тарту шартына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетілді, сондай-ақ өтініш білдірген азаматтарға «атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті» онлайн сервисінің жұмыс принциптері түсіндірілді.