Халықпен кездесу

Халықпен кездесу

Ағымдағы жылғы 11 қыркүйекте Павлодар облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Асқар Серғазинов Железин ауданының ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Алдымен Михайловка, содан кейін Ақтау ауылының тұрғындары әділет органдарының мамандарына өздерінің құқықтық сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Іс-шараға нотариус Динара Түлекова, адвокат Нұржан Ахметов, жеке сот орындаушысы Ораз Арман қатысты. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына цифрлық көмекші-чат ботты, сот орындаушысы роботын, сондай-ақ азаматтарға өтініш беруге және “AdiletGov” мобильді қосымшасында жеке сот орындаушыларының жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін “Тараптар кабинеті”жобасын енгізу және оның жұмыс істеуі туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Кездесу соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылды.
__________