Бүгін, ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай Павлодар облысының Әділет департаментінде «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Шара барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне Әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша электрондық үкімет порталы арқылы өтініш берудің мүмкіндіктері мен артықшылықтары түсіндірілді. Бұдан басқа, атқарушылық іс жүргізуді қозғау, заңды тұлғаларды қайта тіркеусіз қызметті жүзеге асыру туралы және тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгеруі туралы уақтылы хабарламау туралы түсініктемелер берілді.
Іс-шараларды өткізу барысында барлық келушілер сапалы заң консультациясын, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешуде құқықтық көмек алды.
Әділет департаменті осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді,оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндіру болып табылады.