«Ашық есік күні» акциясы

«Ашық есік күні» акциясы

14 тамызда Достық үйінде Павлодар облысының Әділет департаменті Аумақтық облыстық адвокаттар алқасымен бірлесіп ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай тегін заң көмегін көрсету бойынша «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Бұл күні азаматтар өзекті мәселелермен адвокаттар мен әділет органдарының қызметкерлеріне жүгіне алды. Іс-шараның негізгі мақсаты-тегін заң көмегін көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Қабылдау барысында азаматтар азаматтық іс бойынша, алаяқтық фактісі бойынша, қылмыстық істер бойынша сотқа талап қою, алимент өндіріп алу және басқа да мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойды. Айта кетейік, Павлодар облысының Әділет департаменті ӘМ құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнамаға енгізілген жаңалықтар мен өзгерістерді түсіндіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.