Ашық есік күні

Ашық есік күні

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар облысының Әділет департаменті тегін заң көмегін көрсету бойынша Ашық есік күнін өткізеді. Аталған іс-шараға Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы, Павлодар облысының Адвокаттар алқасы, Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қатысады.

Орны мен уақыты: 2025 жылғы 14 тамыз сағат 15:00-ден бастап Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп к-сі, 35/1 мекенжайында орналасқан Достық үйінде.

Павлодар облысының азаматтарын акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.