Ашық есік күні

Ашық есік күні

Ағымдағы жылғы 13 тамызда сағат 10:00-де Павлодар қаласы, М. Горького, 26 мекенжайында орналасқан Павлодар облысының Нотариаттық палатасының ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өтеді.

Іс-шараға Павлодар облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары және Павлодар облысының нотариустары қатысады.

Барлық мүдделі азаматтарды іс-шараға қатысуға және өздерін толғантқан сұрақтарды қоюға шақырамыз.