Ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау

Ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау

Бүгін Екібастұз қаласының тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлы ақыны, философ Абайдың 180-жылдығына орай “Адамзаттың бәрін сүй бауырындай” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Онда хәкім Абайдың қазақ, орыс тілдерінде шығармалары орындалды, әндері шырқалды. Оған Екібастұз қаласы ауданаралық бөлімінің басшысы Әсел Махимова мен маманы Әсел Белгішева де қатысты. Шараның мақсаты - Ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.