Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Павлодар облысы Әділет департаментінің «Тереңкөл ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімі» филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Жанар Әбілдинова Тереңкөл ауданының сот ғимаратында және «BasMaks» сауда үйінде «Борышкерлердің бірыңғай тізілімі» тақырыбында дәріс өткізді.
Сондай-ақ, дәріс қатысушыларына жасанды интеллект-«цифрлық көмекші» (Чат-бот) енгізу, оның көмегімен құқықтық мәселелер бойынша тез және қолжетімді заң көмегі және азаматтарды жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу міндеттемесінен босататын сот орындаушысы роботының жұмыс істеуі туралы түсіндірді.