Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде мемлекеттік сот орындаушы Еркеғали Жанғабылов жеке сот орындаушысының өтініші бойынша атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамағаны үшін борышкер В-ға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 669 бабы көзделген әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа қарау үшін жолданды. Сот Қаулысымен борышкер мемлекетке 19 660 тенге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.