Аға буын өкілдерімен кездесу өтті

Аға буын өкілдерімен кездесу өтті

Қоғамда заң және тәртіп қағидаттарын ілгерілету шеңберінде Павлодар облысының Әділет департаменті халықтың арасында қарқынды құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Кезекті кездесу 10 шілдеде облыстық ардагерлер кеңесінің алаңында аға буын өкілдерімен өтті. Оған Әділет департаментінің басшысы Маржан Имятова, Павлодар облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының орынбасары Цечоев Асланбек, бөлім басшылары Қабжасарова Лариса, Серғазинов Асқар, Байзақова Аслана, Павлодар облысының заң консультанттары палатасының заң консультанттары Ағыбаев Әлімбек, Куклин Дмитрий, Павлодар облысы нотариаттық палатасының жеке нотариусы Клименко Ирина қатысты. Кездесу барысында Әділет департаментінің басшысы жасанды интеллект әділет органдарының ақпараттық жүйелерінде, оның ішінде кез келген құқықтық мәселе бойынша заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік беретін чат-боттың цифрлық көмекшісінің Әділет порталында табысты енгізілуі мен жұмыс істеуі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Айта кету керек, ардагерлер өз кезегінде диалогқа белсене қатысып, өздерінің барлық сұрақтарына толық жауап алды.