2025 жылғы 3 шілде күні қоғамда заң мен тәртіп қағидаларын жүзеге асыру мақсатында Павлодар облысының Әділет департаментінің бөлім басшысы Лариса Кабжасарова Успен ауданының Ковалевка және Лозовое ауылдарының халық тұрғындарымен кездесу мен азаматтарды қабылдау өткізді.
Іс шараға нотариус Бақыт Жұмадірова, заң консультант Альмира Мәлікова және аудан жергілікті атқарушы органдарының өкілдер қатысты. Осылайша жергілікті тұрғындарға құқықтық кенес көрсетіліп, ауыл тұрғындарының көкейдегі сұрақтары шешімін тапты. Департаментпен бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.