Құқықтық сауаттылықты арттыру және зияткерлік меншікті қорғау жүйесін нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының әділет департаменттері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитеті төрағасының орынбасары Кәкен Гүлнәр Қаратайқызының басшылығымен бірлескен онлайн-семинар өткізді.
Іс-шара өңірлік әділет департаменттерінің өкілдерін, сондай-ақ Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы жетекші сарапшыларды жинады. Семинар барысында зияткерлік меншікті қорғаудың өзекті мәселелері, құқықтық реттеудің ерекшеліктері, сондай-ақ құқық иелерімен өзара іс-қимылдың практикалық аспектілері талқыланды. Авторлық және сабақтас құқықтарды жетілдіру және қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара аудиториясына облыстардан келген кәсіпкерлер, кәсіпкерлер палаталарының, филармониялардың, театрлардың және мәдени саладағы басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл қатысушыларға зияткерлік меншік саласында өз құқықтарын қорғау бойынша өзекті ақпарат пен ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының спикерлері ретінде Любовь Юрьевна Балмағамбетова, «Аманат авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйым»ЖМ бас директоры,Әсет Асылбекұлы Блиев, «Еуразиялық құқық иеленушілер одағы»РҚБ төрағасы,Құрмаш Тұрғынбаев, «КазАК»РҚБ өкілі сөз сөйледі.