Павлодар облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен “Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның қызметі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға “Атамекен” ҰКП, “Аманат “авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйым” ЖМ авторлардың құқықтарын ұжымдық басқару ұйымының өкілдері, С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты-зияткерлік меншік құқықтарын, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды күшейту. Іс-шара барысында орындаушылардың құқықтарын қорғау, авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілерге сыйақы бөлу және төлеу, фонограмма өндірушілердің және авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі шетелдік ұйымдардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Қатысушылар зияткерлік меншік саласындағы құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін бизнеспен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін талқылады.
Іс-шара тәжірибе алмасу және құқықтық қорғауды нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.