Қоғам арасында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру барысында Павлодар облыстық Әділет департаменті мен Сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті бірлесіп 17 маусым күні Железин және Тереңкөл аудандарының елдімекендерінде азаматтарды қабылдады. Онда Павлодар облысы Әділет департаментінің Тереңкөл аудандық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімінің басшысы Жанар Әбілдинова, нотариустар Толқын Ламашаипова, Гүлмира Арынова, адвокат Нұржан Ахметов және Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы Әлия Есімханова, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полиция қызметкерлері болып, тұрғындарды қабылдап, кеңес берді.