ШЕРБАҚТЫН АУДАНЫ ХАЛЫҚМЕН КЕЗДЕСУ

ШЕРБАҚТЫН АУДАНЫ ХАЛЫҚМЕН КЕЗДЕСУ

«Заң және тәртіп» идеологиясы қағидаттарын ілгерілету шеңберінде ағымдағы жылдың 9 маусымында Шарбақты ауданы әкімдігінің алаңында Павлодар облысының прокуратурасымен бірлесіп Шарбақты ауданының азаматтарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге Павлодар Ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімінің басшысы Аслана Байзақова, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы төрағасының орынбасары Асланбек Цечоев, ауданның жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындарды жер учаскелерін бөлу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, соттардың ұйғарымдары бойынша талап-арыздарды қамтамасыз ету мәселелері толғандырды. Барлық туындаған сұрақтар бойынша толық жауаптар берілді. Жекелеген мәселелерді шешу бақылауға алынды.