Түсіндіру жиыны өткізілді

Түсіндіру жиыны өткізілді
 

Бүгін, 2025 жылдың 3-маусымында «Заң және тәртіп» медиажобасы аясында Электроника және байланыс жоғары колледжінде құқықтық бағыттағы кездесу өтті. Шараға спикер ретінде Павлодар облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Әділ Түкенов қатысты.
Кездесу барысында цифрлық кеңістіктегі құқықтар мен міндеттер, жеке және зияткерлік құқықтарды қорғау, заманауи ақпаратпен заңды түрде жұмыс істеу сынды кең ауқымды мәселелер қаралды.