2025 жылдың 30-мамыры күні «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Павлодар облысының Әділет департаментінің Екібастұз қаласы ауданаралық бөлімінің нотариустары, адвокаттары, заң консультанттары және жеке сот орындаушыларының қатысуымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп Екібастұз қаласы “Өнер” мәдениет сарайында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық ауқымды акциясы өтті.
Шараның неізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Акция барысында азаматтарға кәсіби заңгерлік кеңес, қызықтырған мәселелер бойынша ұсыныстар мен жауаптар берілді.