
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар үйіне барды. Әділет органдарының мамандары балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бүлдіршіндерге жеміс- жидек кәрзеңкесін сыйға тартты. Балаларға үнемі көңіл бөлу, олардың қоғамның маңызды мүшесі екенін тағы бір мәрте еске салу бәрімізге парыз!