2025 жылдың 30-мамыры күні «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Павлодар облысының Әділет департаменті нотариустардың, адвокаттардың, заң консультанттарының және сот орындаушыларының қатысуымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық ауқымды акциясын өткізді.
Шараның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Науқан барысында азаматтарға кәсіби заңгерлік кеңес, қызықтырған мәселелер бойынша ұсыныстар мен жауаптар берілді.
Айта кетейік, іс-шара ҚР Үкіметінің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылды.