2025 жылдың 28-мамырында Екібастұз қаласында сот төрағасы Т.К.Нұрғалиев және судья Ұ.М.Шүренова мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қатысуымен «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы және ӘППК-нің кейбір нормаларын қолданудың проблемалық мәселелерін талқылау» такырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған Павлодар облысы Әділет департаментінің Екібастұз қаласы ауданаралық бөлімінің басшысы Әсел Махимова қатысты.