2025-2030 жылдарға арналған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың 28-мамыры күні ата-аналарға арналған «Балалардың киберқауіпсіздігі» тақырыбында кездесу өтті.
Оған Павлодар облыстық Әділет департаментінің бас маманы Бағдат Отыншин, Павлодар облысы Заң консультанттары палатасының заңгерлік кеңесшісі Дмитрий Куклин, KIBERone IT мектебінің жетекшісі, киберқауіпсіздік бойынша тренер Руслан Сиюнич, психология ғылымдарының магистрі, «Metapsychology» халықаралық психология және даму орталығының практик психологы Дана-Иернясовна Құрқымбаева қатысты.
Спикерлер ата-аналарға заманның дертіне айналған киберқауіпсіздік туралы мәлімет ұсынды. Шара барысында баланы интернеттегі қауіптерден қалай қорғауға болады, ата-аналар білуі тиіс заңдық аспектілер, баланың сыни ойлауын қалыптастыру және онлайн-қауіптерге төзімділігін арттыру тақырыптары қозғалды.