Кітапханасында экскурсия ұйымдастырылды

Кітапханасында экскурсия ұйымдастырылды

2025 жылдың 23-мамырында Павлодар облыстық Әділет департаментімен ҚР Конституциясының 30-жылдығына «Ата Заң – Тәуелсіздіктің тірегі» Ұлттық Жоспары аясында және қазақтың Ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлыны 180-жылдығына орайластырып Павлодар облыстық С.Торайғыров атындағы кітапханасында экскурсия ұйымдастырылды. Қаламыздың «Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжі» студенттері облыстық кітапхананың жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Негізгі мақсат - жастарды ҚР Конституциясындағы заңдармен, ережелермен таныстыру, кітап оқуға баулу. Себебі, соңғы кезде қоғамда кітап оқитын жастар саны азайды.