Ашық есік күні

Ашық есік күні

Павлодар облыстық Әділет департаментінде “Ата Заң - Тәуелсіздіктің тірегі” Ұлттық Жоспары аясында колледж студенттері үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.
Павлодар қаласындағы «Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжі» студенттері департаменттің жұмысын көріп, әділет органдарының қызметінің шет-жағасымен танысты. Жастар үшін департамент ғимаратында экскурсия ұйымдастырылды. Олар өз кезегінде әділет органдарының мамандарына қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.