«Заң және тәртіп» медиажоспары аясында Әділет органдарының мамандары 21 мамыр күні Ақтоғай және Ертіс аудандарының елдімекендерінде азаматтарды қабылдады. Онда нотариустар Құндыз Жапарова, Гүлмира Бейсенбаева, жеке сот орындаушылары Назым Денден, Айсұлтан Бахтияров, заң кеңесшісі Артем Македонский, Ақтоғай аудандық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімінің мемлекеттік аға сот орындаушысы Людмила Жакенова және Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің бас маманы Әлия Есімханова болып, жергілікті тұрғындарды қабылдап, кеңес берді.