Лариса Казтаевна Кабжасарова, 1969 жылы 11 шілдеде, Павлодар қаласында туған.
Лариса Казтаевна әділет органдарында еңбек жолын 2003 жылы Павлодар облысының Әділет басқармасының Павлодар қалалық АХАЖ бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 2005 жылдан 2011 жылға дейін Павлодар қаласының Әділет басқармасының АХАЖ бөлімінің бас маманы ретінде қызмет етті. 2011-2012 жылдары Павлодар облысы Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы ретінде қызмет етті. 2012- 2016 жылдары азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы ретінде қызмет етті. 2016 - 2019 жылдары Павлодар облысы Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті. 2019 -2023 жылдары Павлодар облысы Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті.
2023 жылдың 11 сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы Әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқаруда.
Әділет органдарындағы жұмыс өтілі - 21 жылды құрайды.
Л.К. Кабжасарова өзіне жүктелген міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындағаны үшін «Әділет органдарының үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
Өзінің жұмыс істеген кезеңінде өзіне жүктелген міндеттерді сауатты және аса жауапкершілікпен орындаушы ретінде көрсете алды. Әрдайым өзінің кәсіби деңгейін жоғарлатады және кәсіби біліктілігін арттырып отырады, жас әрі жаңа бастап келе жатқан мамандарға әдістемелік көмек көрсетеді және өз бойына жинаған білімімен тәжірибесін бөлісіп үйретеді. Өзінің қызметтік саласында сауатты әрі жұмысты дұрыс ұйымдастырып, нақты білетін жауапкершілікпен жұмыс жасағанын көрсете біледі. Әділет департаментінің қоғамдық өміріне белсене ат салысады. Әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында әділет органдарын дамытуға елеулі үлес қосуда.