2025 жылдың 20-мамырында «Заң және тәртіп» медиажоспары аясында және Ата Заңымыздың 30-жылдығына орай Павлодар қаласындағы «Қазтұтынуодағы» Павлодар Жоғары экономикалық колледжінде студенттермен кездесу өтті. Оған Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкері Әсия Назимова барып, ҚР нормативтік құқықтық актілер тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында студенттер спикерге сұрақтарын қойды.