Облыстың мемлекеттік сот орындаушылары мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Резонанстық Капитал Плюс ісіне қатысты мүлікті игеру»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында қарыз соммасын өндіру мақсатында борышкерлердің мүліктерін заңды игеру, игеру кезінде туындайтын кедергілерді шешу мәселесі талқыланып, бірқатар ұсыныстармен тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, аталған шарада сот орындаушыларға қатысты соттардың жеке ұйғарымдарындағы бұзушылықтарға жол бермеу және борышкерлерді әкімшілік жазаға тартудың практикадағы проблемалық мәселесінің шешілуі түсіндірілді.